ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Мұқтаж отбасылардан алғыс алды.
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Мұқтаж отбасылардан алғыс алды.
31 наурыз 2021 ж.
Мұқтаж отбасылардан алғыс алды.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы кезекті қайырымдылық іс-шараға ұйытқы болды. Әрдайым сын сәтте мұқтаж жандарға көмек қолын созатын зауыт ұжымы әз Наурыз мерекесінде де қарап қалған жоқ.

1_2
Еліміздегі ірі мұнай өңдеу компаниясы бұл жолы қайырымдылық акциясы аясында Қарабастау тұрғын алабындағы әлеуметтік жағдайы төмен 33 отбасыға азық-түлік қоржынын таратты. Мерекелік тарту ретінде ұсынылған қоржындардың ішінде ең қажетті азық-түлік өнімдері бар. Игі істі зауыт басшылығы он жылдан бері дәстүрге айналдырыпты.
Компания өкілдері орталық мешітке жиналған отбасыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, зауыт басшылығының аманатын табыстады. Ал тұрмысы төмен отбасылар осынау игілікті іске ниет білдіріп, сын сағатта көмек қолын созған зауыт қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.



← Жаңалықтар бетіне қайту