ПетроKазахстан: Баспасөз құралдары «ПетроҚазақстан» туралы : Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты
27 қыркүйек 2022 ж.

Президент Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатымен танысты

1_11


Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды.

Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады.

Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған.

2_11

Бұдан кейін зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен Президент өндіріс орнының стратегиялық маңызына тоқталды.

– Қазір зауыт ішкі нарықтың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Өнімнің сапасы да жақсарды. Бұл – өте ауқымды жұмыс. Осының бәрі сіздердің, яғни жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы үш жылда зауыттың бензин өндірісі 2,1 миллион тоннаға, авиакеросин өндірісі 340 мың тоннаға, дизель отыны 1,9 миллион тоннаға дейін артқан.  Өнім толықтай ішкі нарыққа өткізіледі.

3_3

4_6

5_6




← Жаңалықтар бетіне қайту