
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |

Сәбит Сұлтан, салықтар жөніндегі менеджер: «Отбасылық марафонды үлгілі ұйымдастырып, ойдағыдай өткізу идеясы үшін, тамаша жүлделер, сыйлықтар, фотосуреттер мен жайылған дастархан үшін зор ризашылығымды білдірсем деймін. «Арай Санрайз» балалар лагерінің бүкіл командасына арнайы алғыс айту керек! Мұндай іс-шаралар отбасы мен ұжымды нақты жағдайда ұйыстыра түспек. Біз бүкіл отбасымызбен уақытты тамаша өткіздік, көңіл күйі мен әсер дегеніңіз көл-көсір. Мен отбасылардың әрбір ойынға ынты-шынтымен берілгендігіне, балақайлардың бір-біріне қалай жанкүйер болғандығына және қолдау көрсеткендігіне куә болдым. Көптен бері осылай секіріп, айналған емес едім, балалық шақты еске түсірдім, тұла бойыма қан жүгірттім. Өз балаларым мен әріптестерімнің балалары үшін, олардың өзін-өзі ұмытып ойынға соншалықты берілгені, энтузиазмы үшін кеудемді ерекше мақтаныш сезімі кернеді. Зайыбымның отбасындағы командалық рухты қолдап веложарысқа қатысуға келіскені үшін разымын, өйткені ол бұған дейін велосипед теуіп көрген жан емес еді, ағашқа соғылып жарақат алғанына қарамастан ол саптан шыққан жоқ. Біздің компания алдағы кезде де осындай іс-шараларды жиі өткізіп, салауатты өмір салтын сақтап, балаларымыздың жан-жақты өсіп-дамуына қолдау білдіреді береді деп үміт артамын! Сол сияқты өзімнің барлық әріптестерімді осы сияқты іс-шараларға жаппай қатыса беруге шақырғым келеді, өйткені бұл шараларға балалар да атсалысатын болады, ал балалар дегеніміз – біздің болашағымыз! Отбасы – өмірдегі ең асыл қазынамыз! Спорт пен денсаулық әр уақытта да жаңа әрі сәнді қажеттілік болып қала бермек!» |
Әділжан Молдабеков, аға талдаушы: «Көп нәрсе жазғың келеді ғой, бірақ спартакиададан алған сезімдер мен ұшан-теңіз әсерлерді сөзбен айтып жеткізу де қиын. Бұл айрықша сергектік сыйлаған сезімдік көңіл күйі болды. Спартакиаданың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жоғары деңгейде іске асырылды. Көңіл күйі өте тамаша болды, әріптестермен арада жылы лебіз сезілді. Кикілжіңді жағдайлардың жоқтығы, ұйымдастырушылардың жарыс қатысушыларына деген ізгі ниетті көңілді жайғастырды! Осының барлығы (мамыражай ауа райын қоса алғанда) көпшілік ерекше, шуақты, мерекелік көңіл күй ауанын қалыптастырды және спартакиаданы зор ауқымды, сәнді, спорттық мейрамға айналдыруға ықпал етті, бұл тек қатысушылар үшін ғана емес, лагерьде тынығушы барша балалар қауымы үшін де тамаша мереке болды! Өзімізге келетін болсақ, спартакиада барлығымыздың да ішімізде бұйығып жатқан әлдеқандай күш-қуатымыздың көзін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге шығармашылық қабілеттерімізді оятты, сөйтіп, бұл әсер ойнақы да қуатты биге ұласып, олардың лагерьдегі жолдастарымен бірге жасаған флешмобы кезінде жарқырай көрінді! Жарыспен қоса, біздер отбасымызбен және әріптестерімізбен қоса бір мезгілде белсенді түрде тынығып, кезек-кезек өзімізді бейне бір тауда, орманда, ашық алқапта және шипажайда жүргендей сезіндік. Ұмытылмастай әсер сыйлаған мәдени бағдарлама ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ, біз армансыз демалдық және көңіл көтердік». |
← Жаңалықтар бетіне қайту