ПетроKазахстан: ПҚҚР АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат : «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
18 сәуір 2018 ж.

2018 жылғы 18 сәуірдегі № 110/7 шешім.

  
1. Қоғамның уәкілетті өкілінің «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының (бұдан әрі - «Жиналыс») құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қоғамның атынан шешім қабылдауға тиіс болуына негіз болатын шешімдер бекітілсін:


1.1. Серіктестікті «ПетроҚазақстан Транспортейшн Сервисез» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН 970940001675) қосу шарты осы Шешімнің 1-қосымшасына сәйкес келетін редакцияда бекітілсін.


1.2. Серіктестіктің мүліктік құқықтары мен міндеттерінің «ПетроҚазақстан Транспортейшн Сервисез» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН 970940001675) ауысуы туралы тапсыру актісі осы Шешімнің 2-қосымшасына сәйкес келетін редакцияда бекітілсін.


1.3. Серіктестіктің президенті Садуақасова Б. А. ханымға, немесе ол уәкілетті еткен тұлғаға қосу шартына және тапсыру актісіне қол қоюға, сондай-ақ осы шешімді орындау үшін қажетті барлық әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілсін.


2. Цинь Хунвэй мырзаға осы қабылданған шешімге сәйкес Жиналыстың шешіміне қол қоюға уәкілеттік берілсін.



← Жаңалықтар бетіне қайту