ПетроKазахстан: ПҚҚР АҚ-ның корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат : «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
«ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша «ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:
23 шілде 2018 ж.
2018 жылғы 23 шілдедегі № 112/2 шешім.   
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы №49-VI ҚРЗ және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы №156-VI ҚРЗ Заңдарымен Заңға енгізілген түзетулерге байланысты Қоғамның Жарғысына енгізілген өзгерістер осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Қоғамның басқарма төрағасы У Линьган мырзаға Қоғамның Жарғысына енгізілген өзгерістерге қол қоюға және Жарғыға енгізілген өзгерістер туралы Қоғамды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органға хабарлауға уәкілеттік берілсін.



← Жаңалықтар бетіне қайту