ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Қайта өңдеуші бөлімше : Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау : Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ)

Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:
  1. ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдау кезіндегі басымдылық. 
  2. Қауіпсіз жұмыс істеу міндеттемесі –жұмысқа алу кезіндегі міндетті шарт.
  3. Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқуды ұсыну қажет.
  4. Барлық деңгей басшылары өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың сақталуы үшін жауап береді.
  5. Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттар мен тексерістерде жеке қатысулары қажет.
  6. Жұмыскерлер қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауда, жұмыс орнындағы тәуекелдерді  бағалауда және оларды бақылауда қатысуға міндетті.
  7. Барлық қауіпті жағдайлар мен тәуекелдер уақытында жойылу тиіс.
  8. Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайлар уақытында ескеріліп, тексерілу және талдану тиіс.
  9. Мердігерлік ұйымдардың басқаруында ҚЕҚОҚ-тың бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс.

Компанияның жетекші қағидаларын жүзеге асыру мақсатында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де (бұдан әрі «ПҚОП» ЖШС) ҚЕҚОҚ мәселелерін басқарудың біріктірілген құрылымы («АМАН» жобасы) енгізіліп, оның құрамында Жоғары көрсеткіштер жөніндегі комитет пен Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы келесі қосалқы комитеттер құрылды:

  • нұсқаулықтар, ережелер мен рәсімдер жөніндегі қосалқы комитет;
  • оқыту және дамыту жөніндегі қосалқы комитет,
  • ақпараттандыру және ынталандыру жөніндегі қосалқы комитет,
  • қауіпсіздік саласындағы тиімділікті басқару және талдау жөніндегі қосалқы комитет,
  • мердігерлік ұйымдардың қауіпсіз жұмысы жөніндегі қосалқы комитет.

Қосалқы комитеттердің жұмысы шеңберінде келесі үздік практикалар енгізілді:

  • Қауіпсіздік саласындағы тәртіптік бақылауды жүргізу;
  • ҚжЕҚ бойынша алтын ережелер мен нөлдік төзімділік ережелері дайындалды;
  • ҚжЕҚ саласындағы негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша мониторинг және есептілік жүйесі енгізілді;
  • аумақта ҚЕҚОҚ бойынша ақпараттық стендтер және зауыттың өтпелі жерінде тәуліктік ақпараттық таблосы орнатылды.

Компанияда «Әлеуетті қауіпті жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар мен әрекеттер жөнінде хабарлаған жұмыскерлерді ынталандыру бағдарламасы» белсенді жүзеге асырылуда, осының шеңберінде әр тоқсан сайын жұмыскерлер бағалы ақшалай сыйлықтармен марапатталуда.

Компания ҚЕҚОҚ номинациялары бойынша республикалық конкурс-байқауларға қатысуда. ОҚО бойынша Еңбек инспекциясы басқармасымен ұйымдастырылған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай (2018 жылы) «ПҚОП» ЖШС «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау аясындағы үздік кәсіпорын» номинациясында марапатталған. 

2018 жылы «ҚМГ» ҰК» АҚ компаниялар тобының төртінші жыл сайынғы бас директорлар форумында Компания  еңбекті қорғау аясында үздік көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін «Өлімсіз 20 жыл» сертификатымен  марапатталды.