ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Қайта өңдеуші бөлімше : Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау : Қоршаған ортаны қорғау 2
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Қоршаған ортаны қорғау 2
2.9 Өндірістік экологиялық бақылау

«ПКОП» ЖШС-да Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы негізінде өндірістік экологиялық бақылау жүргізіледі, оның нәтижелері тоқсан сайын Шымкент қаласы бойынша Экология департаментіне белгіленген форма бойынша ұсынылады.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында өндірістік экологиялық бақылау процесінде бақыланатын міндетті параметрлердің тізбесі, бақылау жүйелілігін анықтау критерийлері, өлшеулердің ұзақтығы мен жиілігі, қолданылатын аспаптық немесе есептеу әдістері белгіленеді.

Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты:
  • табиғат пайдаланушының экологиялық саясатына қатысты шешімдерді қабылдау үшін ақпарат алу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштерін және қоршаған ортаға әлеуетті әсер ететін өндірістік процестерді реттеу құралдарын алу
  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету
  • табиғат пайдаланушының өндірістік процестерінің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін минимумға жеткізу
  • табиғи және энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату
  • штаттан тыс жағдайларға жедел алдын ала әрекет ету (жедел алдын алу)
  • табиғат пайдаланушылардың басшылары мен жұмыскерлерінің экологиялық хабардарлығы мен жауапкершілігінің неғұрлым жоғары деңгейін қалыптастыру
  • жұртшылықты кәсіпорынның экологиялық қызметі мен тұрғындардың денсаулығы үшін қауіптіліктері туралы хабарландыру
  • экологиялық талаптарға сәйкестік деңгейін жоғарылату
  • қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің өндірістік және экологиялық тиімділігін арттыру
  • инвестиция салу және несиелеу кезінде экологиялық қауіптіліктерді (тәуекелділіктерді) есепке алу

Өндірістік экологиялық бақылау аясында операциялық мониторинг, эмиссиялар мен әсер ету мониторингі, оның ішінде: атмосфералық ауа мониторингі, су ресурстары мониторингі, топырақ, жер ресурстары және өндіріс қалдықтары мониторингі бақыланады. Мониторинг аясында зауытқа жақын маңда орналасқан ауыл тұрғындарының денсаулығына әсерін зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Штаттан тыс жағдайлардағы жұмыстар зауыттың әр бөлімшесі үшін жеке дайындалған апатты жою жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

«ПКОП» ЖШС-да өндірістік экологиялық бақылауды Табиғатты қорғау бөлімі (ТҚБ) және зауыт зертханасы (ЗЗ) жүргізеді, сондай-ақ осы мақсат үшін тартылған мамандандырылған гидрогеологиялық зертхана жүргізеді. ( http://prtr.ecogosfond.kz/2018/12/30/too-petrokazahstan-ojl-prodakts/ ).


2.10 Экологиялық сақтандыру

«ПКОП» ЖШС-да міндетті экологиялық сақтандыру ҚР «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңына (13.12.2005 жылғы №93) және ҚР Экологиялық кодексіне (107 бап) сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалады (Сериясы 14.12.2018 жылғы ОС №1757281).

2020 жылға «Евразия» Сақтандыру Компаниясы» АҚ-мен Компания мүлкінің бұзылуы мен жойылуына байланысты, сондай-ақ осы Шартпен қарастырылған сақтандыру жағдайларының нәтижесінде үшінші тұлғалар алдында зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталуымен байланысты Компанияның мүліктік мүдделерін ерікті сақтандыру туралы шарт жасалды, соның ішінде: «Ұңғыманы бақылауға алу, қайта бұрғылау, ағып кету мен ластануды жою, ластаушы заттардың таралуын тоқтату және тазарту шығындары кіретін оператордың қосымша шығындары ...».

«Үшінші тұлғалардың денсаулығына, өміріне, мүлкіне зиян келтіргені үшін үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, қоршаған ортаны ластағаны үшін жауапкершіліктің басталуына байланысты сақтандырылушының мүліктік мүдделері....». 23.01.2020ж. № 37 16-18-14-2019 -007 ерікті сақтандыру шарты.


2.11 Жергілікті тұрғындармен өзара әрекет ету

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС: Өтініштермен жұмыс жүргізу және азаматтарды жеке қабылдау - азаматтардың сенімін нығайтудың негізгі механизмдерінің бірі.

«ПКОП» ЖШС-да тұрақты негізде азаматтардың өтініштерін қарау және Шымкент қаласының жеке тұлғалары мен заңды тұлғаларының өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Компанияның сайттарында Шымкент мұнай өңдеу зауыты басшыларының азаматтарды қабылдау кестелері туралы хабарландырулар жарияланады. Азаматтарды қабылдау күндері мен уақыттары туралы ақпарат компанияның арнайы стендтерінде орналастырылған. Өтініштерді қабылдау және оларды шешу тәртібі туралы визуалды ақпарат компанияның барлық ғимараттарындағы стендтерге орналастырылған.

Бекітілген кестелерге сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды күн сайын жұмыс күндері компания басшылығы жүргізеді.

«ПКОП» ЖШС барлық басқармаларында азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшіктер орнатылған.

Жұмыстың талдауы көрсеткендей, азаматтардың жеке қабылдаудан түскен өтініштерінің көп бөлігі қайырымдылық және әлеуметтік көмек мәселелеріне қатысты.

Сондай-ақ, «ПКОП» ЖШС жыл сайын мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетеді, сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Шымкент қаласының Әкімдігіне қолдау көрсетеді.

«Жедел желі» телефондары:
(8 725 2)241370-қазақ тілі
(8 725 2)241392-орыс тілі
(8 725 2)241420-ағылшын тілі
(8 725 2)241485-қытай тілі
немесе электронды пошта: complaint.hotline@petrokazakhstan.com

«ПКОП» ЖШС-да 16.03.2018ж. Жедел желі жөніндегі Саясат пен процедура әзірленген. (№ 00-02 саясат). Аталған Саясат: Компания жұмыскерлеріне және үшінші тарапқа заңсыз әрекеттерге және (немесе) әрекетсіздікке, әділетсіз немесе алаяқтық әрекеттерге күдік туралы шағым түсіруге мүмкіндік беру, мұндай шағымдардың тиісті түрде қаралуын қамтамасыз ету және осы Саясатқа сәйкес адал ниетпен шағымданған тұлғаларды қорлау мен кемсітуден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

2019 жылы заң бөлімі зауытқа жақын елді мекендер тұрғындарының шағымдарын қарастырған жоқ.

Жұмыскерлердің шағымдары, талаптары немесе ұсыныстары болса, жұмыскер хаттар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшіктер арқылы жазбаша хабарлама қалдыруға құқылы.

Қаланың әлеуметтік жобаларын іске асыруға көмектесу үшін Шымкент қаласының әкімдігі мен «ПКОП» ЖШС арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.