ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Қайта өңдеуші бөлімше : Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау : Апаттық жағдайларға әрекет ету
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Апаттық жағдайларға әрекет ету
Апаттық жағдайларға әрекет ету дайындығының деңгейін арттыру үшін тәжірибелік және теориялық сабақтар, түрлі деңгейдегі оқу-жаттығулар мен жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады. Технологиялық персоналдың іс-әрекеттерінің тәжірибелік дағдыларын және апаттық қызметтермен өзара іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында, бекітілген АЖЖ бойынша зауыттық оқу-жаттығу дабылдарын өткізу Кесте-жоспарына сәйкес, зауыттың апаттық қызметтері мен уәкілетті органның өкілін тарта отырып, тәжірибелік оқу-жаттығу дабылдары өткізіледі, сондай-ақ зауыттың барлық газ қауіпті нысандарында цехтық апатқа қарсы оқу- жаттығулар өткізіледі.

«ПКОП» ЖШС жұмыскерлері мен нысандарын қорғау мақсатында «Азаматтық қорғаныс жоспары» және «Төтенше жағдайларды жою жоспары» әзірленіп, бекітілді. «ПКОП» ЖШС аумағында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы хабарлау және байланыс сұлбасы әзірленіп, бекітілді.

Зауыт аумағында азаматтық қорғанысты басқаруды ұйымдастыру үшін мыналар қолданылады:
  • ведомствалық АТС базасындағы телефон байланысы
  • ұялы байланыстың корпоративтік желісі
  • транкингті байланыс
  • зауытішілік радио
  • «ГЕРМЕС» тәулік бойы автоматты хабарлау жүйесі, (төтенше жағдайларды жоюға тартылған басшылықты және тұлғаларды хабардар етуге арналған, сондай-ақ «Өрт сөндіруші» ӨАҚБ қарауылдарының жеке құрамын дабылдау бойынша хабарландыру қарастырылған)
  • дауыс зорайтқыш байланыс және азаматтық қорғаныс туралы хабарлау жүйелері

Жүйелерге ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар жөніндегі менеджер қызметі, сондай-ақ шарт бойынша мамандандырылған ұйымдар қызмет көрсетеді.

2019 жылы «ПКОП» ЖШС-да апаттар болған жоқ.


Азаматтық қорғау құралымдары

Бұйрыққа сәйкес зауыт аумағында зауыт қызметтері мен мердігер ұйымдардың персоналы қатарынан азаматтық қорғау құралымдары құрылған.

«ПКОП» ЖШС базасында:
  • электр желілерін жөндеу жөніндегі апаттық-техникалық топ
  • ауа және жылу желілерін жөндеу жөніндегі апаттық-техникалық топ
  • су желілерін және кәріздерді жөндеу жөніндегі апаттық-техникалық топ
  • радиациялық барлау звеносы
  • және байланыс жөніндегі апаттық қалпына келтіру тобы
  • қорғау құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі топ
  • құтқару командасы
  • санитарлық жасақ

Мердігер ұйымдар базасында:
  • құтқару жасағы
  • азық-түлікпен жабдықтайтын жылжымалы пункті
  • жылжымалы авто жанар-жағармай стансасы

Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, азаматтық қорғау күштерінің құрамына:
  • газдан құтқару жасағы
  • өрт сөндіру-апаттан құтқару бөлімі
  • қоғамдық тәртіпті сақтау тобы сияқты штаттық құралымдар кіреді

Азаматтық қорғау құралымы зауыт аумағында да, одан тыс жерлерде де табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған барлық қажетті жабдықтармен, мүліктермен жабдықталған.

«ПКОП» ЖШС-да азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін Азаматтық қорғаныс істері жөніндегі штаб (АҚ штабы) құрылған, оның құрамына:

  • АҚ штабының бастығы – Еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық басшы, ЕҚҚжЭ департаментінің директоры
  • Материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету бойынша – Экономика және жоспарлау жөніндегі директор және Қаржылық тәуекелділіктерді бақылау жөніндегі директор
  • Эвакуациялау, әлеуметтік қамтамасыз ету және тамақтандыру мәселелері бойынша – ӘҚМжПБ департаментінің директоры
  • Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша – Техникалық директор және Бас инженер
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – Қауіпсіздік қызметінің бастығы
  • Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша – өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі аға инженер
  • Байланысты және хабарлауды ұйымдастыру бойынша – Ақпараттық технологиялар жөніндегі менеджер
  • АҚ штабы бастығының көмекшісі ретінде – АҚжТЖ жөніндегі үйлестіруші кіреді

АҚ штабының мүшелері: Өндіріс жөніндегі директор, бас энергетик, бас механик, бас метролог, бас технолог, ИжЖБД жобаларды бақылау жөніндегі директоры.


Тж алдын алу жұмыстары

Зауыт аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары уақытылы шаралар қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Негізгі міндет – персоналды өрт қауіпсіздігі мен тіршілік қауіпсіздігіне оқытуды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы компанияның персоналын оқыту жүйесін дамыту. Сондай-ақ, зауыт персоналын даярлаудағы ақпараттық және хабарлау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру басымдыққа ие, оның негізі бүкіл зауыттық ақпараттық жүйеге қосылған зауыт ішіндегі радио болып табылады.

Әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес өрт қауіпсіздігінің мәселелері бойынша, азаматтық қорғаныс, персоналды және аумақты төтенше жағдайлардан қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша радиохабарлар таратылады.

Зауыт аумағында үш қорғаныс құрылғысы (пана) бар:
  • №42 пана №2 басқарма ғимаратында салынған, 3 класқа жатады, сыйымдылығы 450 адамға дейін, жағдайы «жартылай дайын»
  • №61 пана «НРМ» ЖШС әкімшілік кешенінде орналасқан, 3 класқа жатады, сыйымдылығы 450 адамға дейін, жағдайы «жартылай дайын»
  • №100 пана «ЮгАТС» ЖШС әкімшілік кешенінде салынған, 3 класқа жатады, сыйымдылығы 400 адамға дейін, жағдайы «пайдалануға дайын»


Зауыт аумағында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерде қызметтеріне сәйкес жеке қорғану құралдары бар:
  • арнайы қорғану киімі (тон, жамылғы, халаттар және т.б.)
  • қолды қорғау құралдары (қолғаптар, бес саусақты қолғаптар, жеңқаптар және т.б.)
  • аяқты қорғау құралдары (етік, бәтеңке және т.б.)
  • көз бен бетті қорғау құралдары (қорғану көзілдіріктері, бет қалқандары және т.б.)
  • басты қорғау құралдары (каскалар, шлемдер және т.б.)
  • тынысалу органдарын қорғау құралдары (газтұтқыштар (противогаздар), жартылай бетперде респираторлары, өзін-өзі құтқарғыш және т.б.)
  • есту органдарын қорғау құралдары (қорғану құлаққабы, құлақ тығындары және т.б.)
  • теріні қорғау құралдары (жақпамай және т.б.)

Қорғану құралдары белгіленген нормаларға және пайдалану мерзімдеріне сәйкес жаңартылып отырады.

Өрттердің алдын алу және жою үшін барлық қондырғылар мен секциялар автоматты өрт сөндірумен, ӘТК ғимараттары мен операторлар жайлары автоматты және қолмен өрт хабарлағыштарымен, өрт тақталарымен, өрт сөндіргіштермен жабдықталған. Кәсіпорында жалпы ұзындығы 18500м болатын өртке қарсы құбыр қарастырылған. Зауыттағы апаттың салдарын жою кезінде жедел әрекет ету үшін кәсіпорында апаттардың салдарын жоюға қатысатын лауазымдық тұлғаларды анықтайтын нұсқаулар әзірленген.

Жыл сайын келесі Алдын-Алу Іс-Шаралары өткізіледі:
  • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда зауыт бюджетінде апатты қалпына келтіру жұмыстарын және қажетті материалдарды сатып алуды қаржыландыру қарастырылған
  • Зауыт аумағында жыл сайын қысқы және жазғы маусымдарға дайындық бойынша шұғыл жұмыстарды жүргізу және орындау жұмыстары жоспарланады, жабдықтарға жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары жасалады, нысан аумағындағы өртті азайтуға бағытталған алғашқы өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданады
  • Сондай-ақ, «Өрт Сөндіруші» АҚФ өкілдерімен бірге сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздері үнемі тексеріліп отырады
  • Өрт қауіпті кезеңі басталғанға дейін, тауар-көлік басқармасының теміржол эстакадаларында құю және құйып алу жұмыстары кезінде технологиялық режимді жүргізу туралы бұйрық шығарылады
  • Зауыт аумағында өсетін шөптерді жою мақсатында зауыт аумағында шөп шабу және химиялық ерітіндімен өңдеу жұмыстары жүргізіледі
  • Су таситын кезең басталғанға дейін су тасқынының алдын алу және салдарын жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі
  • Кәсіпорын жұмыскерлеріне өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, отты және газ қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібі, сондай-ақ қауіпсіздік қағидалары мен шараларын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпараттандыру ұйымдастырылған және ол тұрақты жүргізіледі


Эвакуациялау іс-шаралары

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған жағдайда эвакуациялау шаралары – алдын ала әзірленген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі персоналдың іс-әрекеттерінің және эвакуациялау іс-шараларының жоспарына» сәйкес жүзеге асырылады, сондай-ақ зауыттың шетелдік қызметкерлеріне арналған «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның шетелдік қызметкерлерін көшіру жоспары» қосымша әзірленген.

Эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыруды ЕҚҚжЭ департаментімен бірге Әкімшілік-құқықтық мәселелер және персоналды басқару департаменті базасында құрылатын эвакуациялау жөніндегі комиссия жүргізеді.

Зауыт аумағында «Жиналу орны» белгілері, «Жиналу орнына» бағыттауыш белгілері және «Пана» белгілері орнатылған. Сонымен қатар, эвакуация жоспарына сәйкес, сондай-ақ зауыт аумағында ғимараттардың жоғарғы қабаттарында «Жер сілкінісі кезіндегі ең қауіпсіз орын» ақпараттық белгілері орнатылған.