Мұнайшылар Қазалы ауданындағы «Шапағат» сауықтыру орталығында да болып қайтты, бұл орталықты түгелдей компания қаржыландырады. Орталық 10 жылдам астам уақыт жұмыс істеп келеді. Мұнда 3-14 жас аралығындағы 40 бала емделеді. Орталықта балаларды емдеу мен сауықтыру үшін барлық жағдайлар жасалған.
«ПетроҚазақстандықтар» осы жолы кішкентайлардың өздері дайындаған «Біз – өмірдің гүліміз» деген тақырыптағы мерекелік шараның куәгері болды.
(Пайзуллахон Айыпқызы)
← Жаңалықтар бетіне қайту