№4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері өткен жылы не туралы армандап еді? Олар қалаға би сабағына барып жүру үшін шағын да болса өз автобусы болғанын армандаған болатын. Армандарын «ПетроҚазақстандағы» үлкен демеуші достарымен бөлісті.
«ПетроҚазақстан» компаниясы қайырымдылық аясында өнер, мәдениет және спорт саласындағы дарынды балалардың біліктілігін жетілдіруге барынша қолдау көрсетіп келеді.