10 қазан 2016 ж.
Онтусик рабат
Мұнайшылар марапатталды
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ұжымы жыл сайын жұмысшылар арасында спорттан жарыс өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Биылғы жылы өткен спорттық жарысқа өндіріс орнынан 300-ге жуық жұмысшы қатысты. Әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары болды. Баскетбол, волейбол, мини футбол, шахмат, бильярд, теннистен өткен бәйге өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапаттау шарасы өтті.