19 мамыр 2009 ж.
«ПетроҚазақстанды» ілеспе газды жағу көлемін азайту бойынша көшбасшылардың қатарына жатқызуға болады
Еліміздің мұнай саласының көшбасшыларының бірі – «ПетроҚазақстан» компаниясы биыл ілеспе газды пайдаға жарату бойынша бес жылдық жобаны аяқтайын деп отыр. Компания мұнай өндірумен айналысатын Қызылорда облысында ілеспе газ жағылып келген 200-ден астам алау сөндіріліп те үлгерді. Экологиялық жағынан түйінді мәселелері көп осы аймақ үшін бұл табиғи теңгерімді сақтау жолындағы елеулі көмек.