11 ақпан 2019 ж.

Акционерлік қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына ақпарат жеткізілетін мәселелердің тізбесі бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпарат:

«ПҚҚР» АҚ директорлар кеңесі шешім қабылдады, 2019 ж. 11 ақпандағы № 17/5 хаттама, атап айтқанда:


1. Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы болып Фан Цзячжун мырза сайлансын.

 

 


«ПҚҚР» АҚ-ның дара акционері, барлық дауыс беретін акцияларының иесі қабылдаған «ПҚҚР» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының құзырына қатысты мәселелер бойынша шешім туралы ақпарат:

2019 ж. 11 ақпандағы № 118/5 шешім


1. Қоғамның дара акционерінің, барлық дауыс беретін акциялары иесінің 2017 жылғы 30 мамырдағы №101/5 шешімімен тағайындалған Чжао Ин ханымның Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын;


2. Акционер - «ПҚИ» компаниясының өкілі Фан Цзячжун мырза Кеңестің мүшесі болып сайлансын, бұл ретте оның Кеңес мүшесі ретіндегі өкілеттік мерзімі Кеңестің өкілеттік мерзімінің аяқталуымен бір уақытта аяқталатыны айқындалсын.



← Жаңалықтар бетіне қайту