«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясы 2005 жылдан бері Қызылорда облысының дарынды жастарына арналған стипендиялық бағдарламаны іске асырып келеді. Бағдарламада компания үшін аса қажет мұнай-газ саласының мамандықтары бойынша күндізгі оқу нысанында бакалавр дәрежесін алу қарастырылады. Мұнай бағасының төмендеп кетуіне байланысты туындаған қаржылық қиындықтарға орай аталмыш білім бағдарламасы 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін уақытша тоқтатылды.


«ПетроҚазақстан» компаниясының стипендиялық бағдарламасы Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған. Осы бағдарламаның қолданысы аралығында 115  қазақстандық студент «ПетроҚазақстан» компаниясының стипендиялық бағдарламасының стипендиаты атанды.


Бақытты жандардың басым бөлігі Пекин қаласындағы Қытай мұнай университетінде оқыды. Бұл Қытайдың мұнай саласындағы алғашқы жоғарғы оқу орны, сондықтан ол мұнай саласы кадрларының ұстаханасы және мұнай-газ инженерлерінің тал бесігі аталады. 2006 жылы «ПетроҚазақстан» компаниясы Қытай мұнай университетімен компанияның мамандарын даярлау және жұмысшы персоналының біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық орнатты. Бұл достық қатынас айтарлықтай жемісті болды – жыл сайын «ПетроҚазақстан» бағдарламасының он стипендиаты университет қабырғасында білім алса, компанияның мыңға жуық жұмыскері біліктілік арттыру курстарынан өтті.


Соңғы үш жылда «ПетроҚазақстан» компаниясының Қызылорда облысы бойынша стипендиялық бағдарламасының грантын иеленгендер төмендер беріліп отыр:


2013 жыл


1. Ербол Өскен,

2. Айжан Марат,

3. Назым Қазбек,

4. Тимур Ахмет,

5. Серікбол Оралбек,

6. Ерболат Төлепбаев,

7. Дана Алтынбек

8. Шынтас Қанатұлы


2014 жыл


9. Бекарыстан Қосай,

10. Әлімжан Қалмағамбет,

11. Асылзат Төлепбергенова,

12. Мансұр Жұмабеков,

13. Арман Әуелбек

14. Балнұр Есенбай


2015 жыл


15. Қозыбек Айшуақ,

16. Садықов Абылайхан,

17. Абдулла Ержан,

18. Өмірбай Сұлтан,

19. Бүркітбай Данабек


Бүгінгі таңда стипендиялық бағдарлама бойынша Қытай Халық Республикасында жоғарыда аталған 19 студент білім алуда, бұдан бөлек бағдарламаның тағы да 46 қатысушысы оқуларын бітіріп, «ПетроҚазақстан» компаниясында жұмыс атқарып жүр. 


Қызылорда облысының әкімдігімен ынтымақтасу аясында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ 2017 жылы Мәскеу қаласындағы «МБжҚИ» ұлттық технологиялық зерттеу университеті» жоғары кәсіптік білім беретін федералдық мемлекеттік автономды білім беру ұйымында» оқитын 6 студенттің оқуын қаржыландырады.


Осы бағдарлама бойынша компания студенттердің оқу, тұрғынжайда тұру, ай сайын стипендия төлеу, медициналық сақтандыру шығыстарын қаржыландырады. 2014 жылдан 2017 жылға дейін МБжҚИ-дің алты студентінің оқуын қаржыландыру шеңберінде «ПҚҚР» АҚ 14 млн. теңгеден астам инвестиция жұмсады.