ПетроKазахстан : Бизнес-бөлімшелер : Қайта өңдеуші бөлімше : Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау : Қоршаған ортаны қорғау
Казакша

Іздеу
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ


Қоршаған ортаны қорғау
ПКОП» ЖШС-ның сапа, өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы саясаты.

2.1 Экологиялық менеджмент жүйесі
2.2 Жаңартылатын энергия көздерінен энергия өндіру
2.3 Атмосфералық ауаны қорғау
2.4 Парниктік газдар
2.5 Су ресурстарын пайдалану
2.6 Қалдықтарды басқару
2.7 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
2.8 Қоршаған ортаға әсерін бағалау
2.9 Өндірістік экологиялық бақылау
2.10 Экологиялық сақтандыру
2.11 Жергілікті тұрғындармен өзара әрекет ету

Өндірістік нысандардағы экологиялық қауіпсіздік - Компанияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Табиғатты тиімді пайдалануға инвестиция салу арқылы «ПетроҚазақстан» компаниясы барлық өндірістік нысандардағы және іргелес жатқан аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым нысандарын салуда.

Өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында Компания халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін, ресурс үнемдейтін технологиялар мен процестерді енгізуге, табиғат қорғау іс-шараларына жыл сайын айтарлықтай қаржы бөледі.

«ПКОП» ЖШС әлеуметтік экологиялық жобаларға белсенді қатысады. Кәсіпорын аумағында және санитарлық-қорғалатын аймақта ағаш көшеттері мен жасыл желектерді отырғызу бойынша жыл сайын акция өткізеді.

Ірі экологиялық оқиғаларды болдырмау, атмосфераға шығарылатын шығарындылар бойынша талаптарды, ағызынды суларды және қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу талаптарын сақтау, қалдықтарды азайту, өңдеу және қайта пайдалану – Компанияның табиғатты қорғау қызметіндегі басым бағыттарының бірі болып табылады.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес «ПКОП» ЖШС-да шекті-рұқсат етілген шығарындылар мен төгінділердің белгіленген нормативтерінің сақталуын бақылау және зауыттың санитарлық-қорғалатын аймағындағы топырақ сапасын бақылау аясында зауыт нысандарына тексеру жүргізіледі және қоршаған орта компоненттерінің жағдайына аспаптық өлшеулер жүргізіледі.

Тазалау құрылғыларын жаңғырту аясында мұнай шламын өңдеу торабы салынып, пайдалануға берілген. Мұнай шламын 3 фазаға бөлетін және ұсталып (сүзіліп) алынған мұнай өнімдерін технологиялық процеске қайтаратын декантерлік қондырғыда өңдеу қарастырылған. Бұл шара экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, себебі ол кәсіпорынның шламжинағыштарында мұнай өнімдерінің жиналуын болдырмайды.

2019 жылы тазартылған ағызынды сулардың қайтарылған және қайта пайдаланылған өнеркәсіптік ағызынды сулардың көлемі 882,721 мың м3 құраған, оның ішінде өрт сөндіру жүйесіне 645,430 мың м3 тазартылған ағызынды су қайтарылған. Таза суға есептегенде 184 млн. теңге үнемделген. Ультрасүзгілеу және кері осмос сияқты «Терең тазалау» қондырғыларынан кейін айналма сумен жабдықтау блогына 237,291 мың м3 тазартылған ағызынды су берілген, бұл осынша көлемдегі таза техникалық суды үнемдеуге мүмкіндік берген.


2.1 Экологиялық менеджмент жүйесі

1) ISO 140012015 стандартына сәйкестік сертификаты (сілтемені ашу)
2) ҚР ISO 50001:2012 стандартына сәйкестік сертификаты (осілтемені ашу)

«ПКОП» ЖШС-да Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) әзірленіп, енгізілген және ол жұмыс жағдайында ұсталады және тұрақты жетілдіріліп отырады. ISO 14001:2015 халықаралық стандартына сәйкестік сертификаты бар. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның сапа, өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында саясаты жасалған.

«ПКОП» ЖШС қоршаған ортаны қорғау жөніндегі саясатын іске асыру үшін, сондай-ақ өңірдің қоршаған ортасы жағдайына әсер етуге байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жыл сайын өз алдына мақсаттар мен міндеттер қояды. Біріктірілген басқару жүйесінің талаптарына сәйкестікке жүйелі түрде қадағалау және ре-сертификациялау аудиттері жүргізіледі. ЭМЖ жұмысына жыл сайын талдау жүргізіледі, ЭМЖ жұмысы нәтижелілігінің сандық көрсеткіштері Компанияның есептерінде көрсетіледі.

Экологиялық менеджмент жүйесінің негізі. басқарудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін және талаптарды түсіну мен орындаудың; процестерді қосымша құндылық тұрғысынан қарастыру қажеттілігінің; жоспарланған нәтижелерге қол жеткізудің; объективті өлшеуге негізделген процестерді тұрақты жақсартудың маңыздылығын көрсететін процестік тәсілді қолдану экологиялық менеджмент жүйесінің негізі болып табылады.

«ПКОП» ЖШС-да:
  • процестердің нәтижелі жұмыс істеуін және оларды нәтижелі басқаруды қамтамасыз ету үшін қажетті критерийлер мен әдістер анықталған және олар қолданылады (мониторинг, өлшеулер және қызмет нәтижелерінің тиісті көрсеткіштері)
  • осы процестер үшін қажетті ресурстар анықталған және олардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі
  • осы процестерге қатысты міндеттер, жауапкершіліктер мен өкілеттіктер анықталып, бөлінген
  • тиісті процестер бағаланады және қажеттілігіне қарай процестер белгіленген нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі үшін қажетті өзгерістер енгізіледі

Экологиялық аспекті мен қоршаған ортаға әсердің арасындағы байланыс себеп пен салдардың байланысы екенін, сондай-ақ кез-келген экологиялық аспект Кәсіпорынның қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін қызметінің элементімен байланысты екенін басшылыққа ала отырып, Кәсіпорында DP-13-01-15 «Маңызды экологиялық аспектілерді анықтау» процедурасы дайындалып, қолданысқа енгізілген. Бұл процедурада Кәсіпорынның экологиялық аспектілерін сәйкестендіру және олардың маңыздылық дәрежесін анықтау әдісі айқындалған.

Қызметтің экологиялық аспектілерін сәйкестендіру, олардан маңызды аспектілерді бөлу, олардың сипаттамаларын бағалау – «ПКОП» ЖШС-ның табиғатты қорғау қызметінің басым жақтарын анықтау, экологиялық іс-шараларды әзірлеу, «ПКОП» ЖШС қызметінің қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету бойынша жоспарлы іс-шараларды негіздеу мақсатында жүргізіледі.

Экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және олардың ішінен маңыздыларын бөлу «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметінің қоршаған ортаға бұрынғы, қазіргі және әлеуетті мүмкін әсерін анықтайтын тұрақты процесс болып табылады.

Экологиялық аспектілерді бағалау нәтижелері «Маңызды экологиялық аспектілердің тізілімі» формасында ресімделеді. Олар экологиялық менеджмент жүйесінің тіркелген деректері және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар мен іс-шаралардың бағдарламаларын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да экологиялық аспектілерді сәйкестендіру процедурасын ұйымдастыру, оның ішінде маңызды экологиялық аспектілерді анықтау, «Маңызды экологиялық аспектілердің тізілімін» жасау, оны бекіту және жоғары басшылыққа дейін жеткізу жауапкершілігі Еңбекті қорғау, қауіпсіздік және экология департаментіне жүктелген.

Анықталған экологиялық аспектілердің тізілімі мына жағдайларда жоспардан тыс қайта қаралады:
  • жаңа процестерді енгізген немесе ескі процестерді жақсартқан жағдайда
  • жаңа технологияларды немесе жаңа жабдықтарды игерген жағдайда
  • жаңа өнімдерді, жаңа жобаларды енгізген жағдайда
  • жаңа шикізат түрлерін игерген және т.б. жағдайларда

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықты сақтау үшін «ПКОП» ЖШС-да Кәсіпорынның қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқа да нормативтік құжаттары мен талаптарына мониторинг жүргізіледі.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметке қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптармен қамтамасыз ету «ПКОП» ЖШС-ның біріктірілген басқару жүйесінің бөлігі болып табылады. Осы мақсатта DP-10-03 «Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау» құжатталған процедурасы әзірленіп, енгізілген және жұмыс жағдайында ұсталады. Онда қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да талаптарды сәйкестендіру және оларға қол жеткізу тәртібі, сондай-ақ осы ақпаратты өзектендіру тәртібі белгіленген. Барлық қолданылатын заңнамалық және басқа да талаптар Экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу кезінде ескерілген. «ПКОП» ЖШС қабылдаған Саясаты негізінде олардың қолданылуына кепілдік береді.

«ПКОП» ЖШС-да Серіктестіктің басқаруында жұмыс істейтін тиісті персоналдың және барлық мүдделі тараптардың назарына қолданылатын талаптар тұрақты негізде жеткізіледі.

«ПКОП» ЖШС-да DP-10-03 «Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау» құжатталған процедурасына сәйкес:
a) экологиялық аспктілерге байланысты заңнама талаптарын және басқа да талаптарды сақтау міндеттемелері айқындалып, оларға қол жеткізу қамтамасыз етілген
b) міндетті талаптардың кәсіпорынға қатысты қалай қолданылатыны айқындалған
c) тиісті міндетті талаптар Біріктірілген басқару жүйесін әзірлеу, енгізу, жүйенің жұмыс істеуі және жүйені тұрақты жақсарту кезінде ескерілген

Кәсіпорын өзінің әрі қарайғы қызметін сәйкестендірілген қауіптіліктер мен мүмкіндіктерді (SWOT-анализ), маңызды экологиялық аспектілерді (маңызды экологиялық аспектілердің тізілімін), қабылдаған міндеттемелерін (қоршаған ортаны қорғау саласында «ПКОП» ЖШС-ның қызметіне қолданылатын заңнамалық және нормативтік актілердің тізбесін) ескере отырып, жоспарлайды. Даму жоспарлары, бизнес-жоспарлар, бюджет, өндірістік жоспар осындай жоспарлаудың нәтижелері болып табылады.

ISO 14001, ISO 9001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес «ПКОП» ЖШС-да төменде көрсетілген құжатталған процедуралар әзірленген:
  • DP-13-06-10 Біріктірілген басқару жүйесіне ішкі аудиттерді ұйымдастыру және жүргізу
  • DP-13-01-19 Қоршаған ортаға бақылау жүргізуді ұйымдастыру
  • DP-20-01-20 Метрологиялық қамтамыз ету
  • DP-13-06-30 Қауіптіліктерді (тәуекелдерді) және мүмкіндіктерді басқару. SWOT-талдау
  • DP-13-06-04 Сыртқы және ішкі байланыстарды ұйымдастыру
  • DP-13-06-02 Сәйкессіздік. Түзету және алдын алу әрекеттері
  • DP-13-06-01 Құжатталған ақпаратты басқару
  • DP-13-02-12 Апатты жағдайларға дайындық және оларға әрекет ету
  • DP-13-01-16 Экологиялық қауіпсіздікті басқару
  • DP-13-01-17 Қалдықтарды басқару
  • DP-13-01-15 Маңызды экологиялық аспектілерді анықтау
  • DP-10-03 Заңнамалық актілердің талаптары және басқа да талаптар. Сәйкестікті бағалау
  • DP-11-27 Мұнай шикізаты мен мұнай өнімдерінің сапасын бақылау
  • DP-02-02-09 Персоналды оқыту және даярлау
  • DP-13-02-30 Жеке қорғану құралдарына қойылатын талаптар
  • DP-09-22 Темір жол желісі инфрақұрылымына қызмет көрсету және оны пайдалану
  • DP-13-02-13 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қауіпті факторларды анықтау және қауіптіліктерді бағалау
  • DP-07-08 Энергия тиімділігін бақылау (мониторинг жүргізу)
  • DP-07-07 Энергетикалық жоспарлау

«ПКОП» ЖШС-да DP-13-01-19 «Қоршаған ортаға бақылау жүргізуді ұйымдастыру» процедурасының талаптарына сәйкес Экологиялық менеджмент жүйесіне мониторинг және процестерді өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Экологиялық менеджмент жүйесіне мониторинг жүргізу және процестерді өлшеу – процестердің жағдайын бақылау және олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу қабілетін дәлелдеу үшін жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері түзету және алдын алу әрекеттерін әзірлеу және іске асыру үшін бастапқы ақпарат болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды көрсеткіштердің барлығын өлшеуді бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес жүйелікпен зауыт зертханасы жүргізеді.

Сондай-ақ барлық өлшеулерді осындай өлшеулерді жүргізуге лицензиясы бар сыртқы ұйымдар да жүргізеді, ол өлшеулер «ПКОП» ЖШС-ның сұрауы бойынша, сондай-ақ сыртқы бақылаушы ұйымдардың сұрауы бойынша жүргізіледі.

Мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына мониторинг жүргізу үшін және өндірістік процестердің параметрлерін бақылап, қадағалау үшін «ПКОП» ЖШС-да аспаптық өлшеу базасы бар.

Өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін «ПКОП» ЖШС-да өндіріс метрологиялық қамтамасыз етілген.

Барлық өлшеу құралдары:
  • мерзімді калибрлеуден немесе тексеруден өткізіледі
  • ретке келтіріліп, дәлдігі тураланып тұрады
  • қызмет көрсетіледі және жөндеуден өткізіледі

Мониторинг және өлшеу жүргізу құрылғыларын сақтау мен пайдалану жағдайлары оларды зақымданудан және олардың жұмысына заңсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Мониторинг және өлшеу жүргізу құрылғыларының істемей қалғаны анықталған жағдайда олар пайдалануда тұрған жерінен алынады, ал осындай мониторинг және өлшеу жүргізу құрылғыларын пайдаланып жүргізілген өлшеу нәтижелері дұрыс жұмыс істейтін жабдықтарды пайдаланып, қайта тексеріледі. Қайта жүргізілген өлшеу мен мониторинг нәтижелері құжатталып, тіркеледі. Бұзылып қалған өлшеу және мониторинг құрылғылары жөнделеді немесе ауыстырылады.

Калибрлеу, техникалық қызмет көрсету және өлшеу нәтижелері бойынша құжатталған ақпарат жұмыс жағдайында ұсталады.

Мониторинг нәтижелерінің деректерін тіркеу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарымен реттеледі. Мониторинг нәтижелері жөніндегі барлық ақпарат табиғатты қорғау бөлімінде жүйеленеді.

«ПКОП» ЖШС өндірістік қызметін жүзеге асыратын өңірлерде дәстүрлі өмір салтын жүргізетін жергілікті халық жоқ.


2.2 Жаңартылатын энергия көздерінен энергия өндіру

«ПКОП» ЖШС-ның Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатын іске асыру үшін, сондай-ақ ҚР СТ ISO 50001-2012 стандартының талаптарын қатаң сақтау арқылы энергия ресурстарын пайдалануға байланысты болатын апатты жағдайлардың туындау қауіптерін азайту үшін «ПКОП» ЖШС өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

1. Энергия ресурстарын тұтыну көлемін азайту және ұтымды пайдалану, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру және энергия тұтыну саласындағы талаптардың сақталуына өндірістік бақылауды күшейту.
2. Энергия үнемдейтін заманауи жабдықтар мен технологияларды енгізу және пайдалану арқылы энергия ресурстарын пайдалануға байланысты болатын қауіптіліктерді (тәуекелділіктерді) азайту.
3. Энергия тұтынуды бақылау, негізсіз шығындарды болдырмау, экономикалық тиімділікті, өнімділікті жоғарылату және жабдықтарды пайдалану процедураларын қайта қарау және жетілдіру арқылы еңбек жағдайларын жақсарту, персоналды ынталандыру және оқыту.

«ПКОП» ЖШС-да 2019 жылғы 16 шілдеден бастап күн электр стансасы пайдалануға енгізілген.

Сондай-ақ 2019 жылы кәсіпорынды жаңғырту қондырғыларының құрамында электр энергиясын өндіретін (қуат өндіретін) жетектер – турбодетандер мен бутурбогенераторы енгізілген.

2019 жылдың жартысынан бастап жел-күн энергиясынан энергия алатын, автономды-комбинирленген жүйесі бар 10 шам пайдалануға қосылған.

2019 жылы жаңартылатын энергия көздерінен өндірілген энергияның жалпы көлемі өндіру көздері бойынша бөліп көрсеткенде келесідей болды:
  • Күн панельдерінен өндірілген электр энергиясы – 12 654 кВт.сағ
  • Термоэнергогенераторлармен өндірілген электр энергиясы – 86 733 000 кВт.сағ
  • Жарықтандыру шамдары (10 дана) үшін жел-күн генераторларынан өндірілген электр энергиясының орташа көлемі 0,330 кВтсағ. (әр шамның қуаты 100Вт, түнгі уақытта 8 сағат энергия тұтынады)


2.3 Атмосфералық ауаны қорғау

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «ПКОП» ЖШС-да жаңа технологиялық қондырғылар салынды. Пайдалануға берілген нысандар экологиялық тұрғыдан тиімді, олар қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды азайтуға мүмкіндік береді.

  • 2017 жылдың шілде айында К4 және К5 класты отындарды шығаратын изомерлеу қондырғысы іске қосылды. К4 және К5 класты отындарды пайдаланған кезде атмосфераға шығарылатын күкіртті ангидридтің мөлшері азаяды, бұл өңірдегі экологиялық жағдайды жалпы жақсартуға мүмкіндік береді.
  • Қуаты жылына 2000 мың тонналық RFCC (1000) ауыр қалдықтарды каталитикалық крекингтеу қондырғысында DO-1014 түтін трубасында түтінді газды ылғалды тазалау жүйесі (BELCO жүйесі) (ылғал газ скруббері) бар (отынды газды жағу). BELCO компаниясының шығарылатын газдарды ылғалды тазалау технологиясы (EDV) каталитикалық крекинг қондырғысының шығарындыларындағы қатты бөлшектер мен SОx мөлшерін азайтуға арналған (оның тазалау коэффициенті 98%-ға дейін жетеді).
  • Резервуар парктері (тит. 3600) қаныққан көмірсутек шығарындылары мөлшерінің азаюын ескеріп салынған, себебі олар бу шығарындыларының 95%-н ұстап қалатын қалқымалы қақпақпен және азот жастықшасымен жабдықталған. Сорапты агрегаттар үшін өнімді резервуар паркіне қайтаратын желі қарастырылған және минималды ағымды ұстап тұру үшін реттегіш сақтандырғыш-клапан орнатылған.

Технологиялық процестің барлығы технологиялық режимді қатаң сақтаумен, экологиялық оқиғалардың алдын алумен және технологиялық нұсқаулармен, технологиялық регламентпен келісілген технологиялық бақылау нормаларын сақтаумен қамтамасыз етіледі.

  • Қуаты жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы пайдалануға енгізілген. Қондырғы бұрын факелде жағып жіберетін қышқыл газдарды кәдеге жаратып, тазалығы 99,9 %-дан жоғары күкірт алуға арналған. Осы күкірт өндіру қондырғысын іске қосуға байланысты атмосфераға шығарылатын күкірттің қос тотығының (SO2) шығарындысы 21%-ға азайды.
  • Жаңғырту жобасының 2-кезеңі аясында жылына 15 000 тонна күкірт өндіретін кешен (КӨК) іске қосылған. Қондырғы бұрын факелде жағып жіберетін қышқыл газдарды кәдеге жаратып, тазалығы 99,9 % болатын күкірт алуға арналған. Осы күкірт өндіру кешенін іске қосуға байланысты атмосфераға шығарылатын күкірттің қос тотығының (SO2) шығарындысы 48%-ға азайды. КӨ кешенін іске қосуға байланысты атмосфераға шығарылатын күкірттің қос тотығының (SO2) мөлшері 1476 тоннадан 710 тоннаға дейін азайды.
  • Тауар-көлік басқармасында мұнай өнімдерін нүктелік құю қондырғысы іске қосылды. Мөлдір мұнай өнімдерін нүктелік құятын қондырғыны пайдалануға енгізуге байланысты құю кезінде атмосфераға жеңіл ұшатын көмірсутектердің мөлшері азайды. Жеңіл ұшатын көмірсутектердің үлесі 7%-ға азайды.
  • Дренаж суларымен бірге шығатын мұнай өнімдерінің төгінділерін азайту және кәсіпорынның кәріз желілерінің жұмысын жақсарту үшін резервуарлардың дренаж суларын көмірсутек құрамдаушыларына және суға алдын ала бөлетін жүйесі біріктірілген автоматты дренаждау жүйесінің пилоттық нұсқасы енгізілген және ол өзін жақсы жағынан көрсетті.
  • Жаңғырту аясында жаңа тазалау құрылғылары пайдалануға енгізілді. Бұл зауыттың тазалау құрылғыларының қуатын жоғарылатуға және ағызынды суларды тазалау сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Кері осмос қондырғысында ағызынды суларды қосымша тазалау жылына 1,5 млн. м3-ге дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Салынған жабдықтар саңылаусыз орындалғандықтан атмосфераға шығатын ластағыш заттардың мөлшері мен жаман иісін азайтуға мүмкіндік береді. Ластағыш заттардың шығарындыларын иіссіздендіру қондырғысына бұруға және жаңа саңылаусыз құрылғыларды енгізуге байланысты зауыттың тазалау құрылғыларынан шығатын қаныққан және қанықпаған көмірсутектердің шығарындылары 17 %-ға азайды.

Тазалау құрылғыларын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың аяқталуының арқасында мұнай өнімдері мен қалқыңқы заттар бойынша өндірістік ағызынды суларды тазалау тиімділігі 76%-дан 98%-ға дейін жақсартылды, нәтижесінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың мөлшері азайып, экологияға жүктеме азаяды.

«ПКОП» ЖШС-да ластауыш заттардың үлестік шығарындылары
Мұнай өңдеу, өңделген 1000 т. мұнайға / тоннамен 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
3,7 3,7 2,6


2.4 Парниктік газдар

Климаттың өзгеруі және парниктік газ шығарындылары

Климаттың өзгеруі соңғы жылдары адамзат алдында тұрған ең маңызды проблемалардың бірі болып тұр. Климаттың өзгеруі адамдарға және табиғи жүйеге де әсер етуі мүмкін және ресурстарды пайдалануда, өндірісте, экономикалық қызметте елеулі өзгерістерге алып келуі мүмкін.

«ПКОП» ЖШС-да стационарлық көздерден атмосфераға шығарылатын шығарындыларды бақылау ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес реттеледі. «ПКОП» ЖШС климаттың өзгеруінің жаһандық алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты, парниктік газдар шығарындыларын азайту мәселелері бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ кәсіпорындардың «жасыл» экономикаға және ең жақсы қол жетімді технологиялар принциптеріне жылдамырақ ауысуына ықпал ететін, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және қоршаған ортаға әсерін азайту стратегиясын қолдайды.

Парниктік газдардың шығарындылары

«ПКОП» ЖШС-да жыл сайын парниктік газдарға (ПГ) инвентаризация жүргізіледі. Парниктік газдарды инвентаризациялау есебін, қондырғының төлқұжатын, парниктік газдардың шығарындыларына жүргізілген мониторинг жоспарын аккредиттен өткен тәуелсіз орган тексеріп, растайды.

Парниктік газдарды инвентаризациялаудың тексеріп, расталған есебі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде уақтылы тіркеледі.

Парниктік газдардың шығарындылары

 Парниктік газдар 2016 ж. 2017 ж. 2018 ж.  2019 ж.
 СО2, мың тонна  602,4  716,4  813,4  975,7
 СН4, СО2 мың т. экв.  0,312  0,407  0,444  0,504
N2O, СО2 мың т. экв.  1,49  6,01  3,29  4,29

Парниктік газдарды шығару қарқындылығы
Көк сызық – мұнай өңдеу, мың тонна
Қоңыр сызық – СО2 мың тонна
clip_image001


2.5 Су ресурстарын пайдалану

Су ресурстарын тиімді (ұтымды) пайдалану жөніндегі 8 ереже (сілтемені ашу)

«ПКОП» ЖШС су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалануға ұмтылады. 2019 жылғы 1 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасының су ресурстарын сақтауға өзінің үлесін қосуға ниетті екені туралы ресми мәлімдеді. «ПКОП» ЖШС су ресурстарын тиімді басқару ережелерін (ҚМГ компаниясының суды тиімді пайдалану жөніндегі 8 ережесін) қолдайтынын білдірді. Бұл бастаманы «ПКОП» ЖШС-ның бірінші басшылары қолдады.

«ПКОП» ЖШС-да 2016-2020 жылдарға арналған су қорғау іс-шаралары әзірленген және орындалуда (Арал-Сырдария бассейнінің су нысандарын қалпына келтіру мен қорғау жөніндегі бассейндік келісім).

Мұнай өңдеу зауытына техникалық су сумен жабдықтайтын үш көзден жеткізіледі:
  • Техникалық сумен қамтамасыз ететін бірінші көзі – «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, яғни олардан ауыз су сапасындағы су алынады.
  • Зауыттың технологиялық қажеттіліктері үшін сумен жабдықтайтын екінші көз ретінде өндірістік-техникалық жер асты суларын өндіруге алынған рұқсатқа сәйкес өз ұңғымаларынан (меншікті су жинағыштан) алынатын су пайдаланылады. Рұқсат 2011 жылғы 24 тамызда алынған, сериясы КГиН, №007.
  • Техникалық сумен жабдықтайтын үшінші көз: 2016 жылдан бастап «Оңтүстік» АЭА БК» АҚ-нан техникалық су алына бастады. Техникалық су зауытқа олардың су құбырымен жеткізіледі.

Компанияның өз қажеттіліктері үшін су тұтыну көлемі / көмірсутектерді өңдеу, өңделген көмірсутектердің тоннасына (ш.о.т.) / м3 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
0,64 м3/т 0,45 м3/ш.о.т. 1,06 м3/т 0,74 м3/ш.о.т. 1,08 м3/т 0,76 м3/ш.о.т.

«ПКОП» ЖШС-дағы су бұру (кәріз) жүйесі

Мұнай өңдеу зауытының өндірістік объектілерінде шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесі және өндірістік ағызынды сулар мен жаңбыр суларының кәріз жүйесі бар. Мұнай өңдеу зауытында өндірістік ағызынды сулар мен жаңбыр сулары кәрізінің екі жүйесі бар:
І жүйесі – құрамында мұнай араласқан бейтарап өндірістік ағызындылар мен жаңбыр суларын ағызу үшін арналған
ІІ жүйесі – құрамында мұнай, мұнай эмульсиялары, тұз, реагенттер және басқа да органикалық және бейорганикалық заттар бар эмульсиялық және химиялық ластанған ағызынды суларды ағызу және тазалау үшін арналған

Өндірістік ағызындылар мен жаңбыр сулары кәрізінің бірінші жүйесіне жаңа технологиялық қондырғылардан тауар асты суы, жуу суы, жаңбыр суы, технологиялық конденсат сияқты құрамына мұнай араласқан, бейтарап ағызынды сулар ағызылады.

Өндірістік ағызындылар мен жаңбыр сулары кәрізінің екінші жүйесіне химиялық ластанған ағызындылар, жабдықтарды тазалау үшін пайдаланған сулардың ағызындылары, су дайындау қондырғысынан шығатын ультрасүзгілеу қалдықтары, буландырылған қышқыл ағызындылар ағызылады.

І және ІІ жүйенің ағызынды сулары құм аулағыштарда, мұнайұстағыштарда (сүзгілерде), радиальды тұндырғыштар мен флотаторларда бөлек параллельді механикалық және физика-химиялық тазалаудан өтеді. Тазалау құрылғылары мұнай өнімдерімен және қалқыңқы заттармен ластанған ағызынды суларды тазалау үшін арналған.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытынан шығатын өндірістік ағызынды сулар Түркістан облысының Ордабасы ауданында орналасқан буландырғыщ-тоғанға барып құйылады. Су жинап, буландыратын аталған тоған Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 13-15 км жерде, Ынтымақ ауылынан оңтүстікке қарай 5-7 км жерде тұрғындар аз қоныстанған шөлейт жерде орналасқан.

Түрлі деңгейдегі үш буландырғыш тоған бір-бірінен біртекті үйінді жер бөгеттерімен бөлінген. Буландырғыш тоғандардың су бетінің ауданы – 78,22 га. Бірінші тоғанның су бетінің ауданы – 16,0 га, екінші тоғанның ауданы – 25,72 га, үшінші тоғанның ауданы – 36,5 га.


2.6 Қалдықтарды басқару

Заңнама талаптарын сақтау мақсатында «ПКОП» ЖШС-да 2019 жылдан бастап «Қалдықтарды басқару бағдарламасы» әзірленіп, іске асырылуда. Бұл бағдарлама қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдармен келісілген. Қалдықтардың түзілуіне байланысты туындайтын мәселелерді шешу үшін жыл сайын айтарлықтай қаржы бөлінеді және инвестиция көлемі анықталады.

ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес біздің нысандарда залалсыздандырылуы, өңделуі және кәдеге жаратылуы (жойылуы) мүмкін емес қауіпті қалдықтар арнайы полигондарға шығарылады. Мердігер ұйымдардың қалдықтарды қауіпсіз тасымалдау, орналастыру және кәдеге жарату (жою) талаптарын орындауларына бақылау жүргізіледі.

«ПКОП» ЖШС-ның мақсаты – ластануларды тиімді және экологиялық қауіпсіз әдіспен жою болып табылады. Бұл жерде міндетті шарт – тарихи ластануларды өңдеу процесінен екінші (қайтара) ластану болмауы керек. Ол үшін «ПКОП» ЖШС мұнай қалдықтарын өңдеу бойынша озық заманауи қауіпсіз технологияларды енгізуге және пайдалануға қабілетті, жауапты, жақсы жарақтандырылған, мамандандырылған компанияларды тартуды жоспарлауда. 2018 жылы мердігер қалдықтарды жою үшін термиялық әдісті (қалдықтарды арнайы пештерде жағу әдісін) пайдаланған.

Қазіргі уақытта «ПКОП» ЖШС-да мұнай шламдары декантерлік қондырғыда (тұнбаны сусыздандыру әдісімен) өңделеді. Ол жерде мұнай өнімдері, су, механикалық қоспалар бөлек бөлініп алынады және бөлініп алынған өнім өндіріс цикліне қайта беріледі.

Қауіпті қалдықтарды кәсіпорынның өзінде өңдеу және жою әдістері мен технологияларын пайдалану оларды полигонға немесе мердігерлердің жоятын жерлеріне дейін тасымалдау кезіндегі болуы мүмкін қауіптіліктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Кәдеге жаратылған (жойылған) қалдықтардың жиналған және жаңадан түзілген қалдықтардың мөлшеріне қатынасы, т/т
clip_image002
Кәдеге жаратылған (жойылған) қалдықтар мөлшерінің жаңадан түзілген қалдықтар мөлшеріне қатынасы, т/т
clip_image003


2.7 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

«ПКОП» ЖШС өзінің өндірістік қызметін ҚР табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізеді және қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында тиісті іс-шараларды орындайды. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға жыл сайын жұмсайтын шығындары миллиард теңгеден асады.

«ПКОП» ЖШС-да 2016-2020 жылдарға бекітілген бағдарламаға сәйкес энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу жобалары енгізілген (сілтемені ашу), ҚР ЭМ-мен келісілген, табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Компанияның табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға жұмсайтын қаржысының жыл сайын өсу динамикасы байқалады.

Осы ретте, өндіріс көлемінің өсуіне, мұнай өңдеу көлемінің артуына және жаңғырту жобасы бойынша жаңа нысандардың іске қосылуына қарамастан қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың мөлшері көбеймегенін айту қажет. Бұл кәсіпорынның іске қосқан нысандарының «жасыл технологиялар» мен «жасыл экономика» талаптарына сәйкес келуіне байланысты.

Жаңғырту жобасы бойынша «ПКОП» ЖШС-да жаңа технологиялық тораптардың құрылысы аяқталды. Мазут пен вакуум газойлін өңдеу үшін RFCC каталитикалық крекинг кешенінің құрылысы аяқталды. Қондырғының қуаты жылына 2,0 млн. тонна. Қондырғыдан жоғары октанды моторлы отындар алынады.

«ПКОП» ЖШС-н жаңғырту жобасы екі кезеңде іске асырылды. Бірінші кезеңінде Кеден Одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес К4 және К5 экологиялық класындағы (Евро-4 және Евро-5 аналогтары) моторлы отындарды шығару игерілді. Қуаты жылына 600 мың тонналық изомерлеу қондырғысы салынды. 2017 жылдың шілде айында изомерлеу қондырғысы іске қосылып, К4 және К5 класындағы отындар шығарыла бастады. Жаңғырту жобасының екінші кезеңі зауыттың қуатын жылына 6 млн. тонна мұнай өңдеуге дейін жеткізуге және мұнай өңдеу тереңдігін жоғарылатуға бағытталды. Жаңғырту жобасының екінші кезеңінде «RFCC» каталитикалық крекинг қондырғысы, «Prime G+» бензинді гидротазалау қондырғысы, «Merox» қаныққан және қанықпаған газдарды тазалау қондырғысы, сутекті тазалау қондырғысы және т.б. қондырғылар іске қосылды.

Бағдарлама аясында 2015 жылдың желтоқсанында қуаты жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылды. Сондай-ақ, кәсіпорында тазалау құрылғыларын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Зауыттың тазалау құрылғыларын жаңғырту олардың қуатын жоғарылатуға және ағызынды суларды тазарту сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Кері осмос қондырғысында ағызынды суларды қосымша тазалау жылына 1,5 млн. м3-ге дейін таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл жерде барлық жабдықтар саңылаусыз орындалғандықтан тазалау құрылғыларынан атмосфераға шығатын ластағыш заттардың шығарындылары 90%-ға дейін азаяды.

Айналма сумен жабдықтау блогын және тазалау құрылғыларын жаңғырту жобалары кіретін, «ПКОП» ЖШС-ның су ресурстарын тиімді пайдалану және үнемдеу жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындағаннан кейін айналма жүйелерге берілетін таза суды тұтыну 30-35%-ға азайды. Жаңғырту нысандары бойынша су тұтыну көлемі жалпы су тұтыну көлеміне қарағанда 9%-ға азайды.

Қоршаған ортаға эмиссияға төлем динамикасы, млн. тг
clip_image004
Есепті кезеңдер ішінде қоршаған ортаға эмиссияға нормативтен асқан төлемдер төленген жағдайы болмаған.


2.8 Қоршаған ортаға әсерін бағалау

Сақтық принципіне (БҰҰ 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында Қоршаған ортаны қорғау және оны дамыту жөнінде қабылдаған декларациясының 15 принципіне), сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экологиялық менеджменті жүйесінің талаптарына және ҚР заңнамасының қосымшаларына сәйкес әрбір жобаны жоспарлау кезеңінде қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер нұсқаларының экологиялық және өзге де салдарларын айқындау үшін, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, тозуын, бүлінуін және сарқылуын болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жүргізіледі.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «ПКОП» ЖШС-да жаңа технологиялық қондырғылардың құрылысы аяқталды. Пайдалануға енгізілген нысандар экологияға оң әсер етеді, олар қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды азайтуға мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаға әсерін бағалау «ПКОП» ЖШС мұнай өңдеу зауытының қазіргі жағдайын талдау негізінде, қабылданған ұйымдастыру-техникалық шешімдердің негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-әдістемелік құжаттарына сәйкес жүргізілген.

«ПКОП» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау. Түзету енгізу» жобасына «Мемсараптама» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан 2019 жылғы 24 қазанда № 01-0429/19 оң қорытынды алынған.

«ПКОП» ЖШС-да зауытқа жақын орналасқан елді-мекен (қала) тұрғындарымен (жұртшылықпен) жақсы қарым-қатынас, байланыс орнатылған. Зауытқа жақын орналасқан елді-мекен тұрғындарының өкілдері жиналыстарға, қоғамдық кездесулерге шақыртылып тұрады. Оларға туындаған мәселелері бойынша толық ақпарат ұсынылады. Зауытқа жақын орналасқан Қарабастау және Ворошилов елді-мекендерінің жұртшылық өкілдері, билері, ақсақалдары мен еңбек ардагерлері үшін өндірістік экскурсия ұйымдастырылады.